«Сергек» фото және бейне-бақылау жүйесі 10 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеді

TELECAMERA
Осы уақыт аралығында 12 қылмыс пен бір жарым мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Өткен аптада «Сергек» фото және бейне-бақылау жүйесінің көмегімен 10 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді, деп Zakon.kz Астана әкімдігінің баспа сөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласы ІІД басшысы Марат Қожаевтың мәліметтеріне қарағанда, осы уақыт аралығында 12 қылмыс пен бір жарым мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

«Түсіндіру, алдын алу шараларды жүргізудің нәтижесінде көшедегі қылмыстардың, ұрлық-қарлықтардың, көліктерді айдап әкету оқиғаларының, интернеттегі алаяқтықтардың саны азайды. Сондай-ақ, «ізі суымай» 94 қылмыстың беті ашылып, іздеуде жүрген 5 қылмыскер тұтқынға алынды», – деді М. Қожаев.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада абаттандыру ережелерін сақтауға қатысты шаралар жүргізіліп жатыр. Жолдың жүргін бөлігіне лайды шығарғаны үшін 3 құрылыс компаниясы, жүк көліктерінің 10 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 мердігерлік ұйымға ескерту жасалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз