Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының әкімі болып Қайрат Бегімов тағайындалды. Ол бұған дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының жетекшісі болып қызмет еткен. Қаланың жаңа басшысын активке Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов таныстырды, деп xабарлайды Baq.kz.
ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген тағайындау тәртіптеріне сай, қаланың жаңа жетекшісінің кандиратурасы кезектен тыс сессияда жергілікті мәслихат депутаттарына ұсынылды. Депутаттар бір ауыздан үміткер Қайрат Бегімовты қолдады.
«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша менің жарлығыммен және қалалық мәслихаттың келісімімен Бегімов Қайрат Баяндыұлы Жезқазған қаласының әкімі болып сайланды. Қайрат Баяндыұлының еңбек жолы негізінен коммуналдық сала және құрылыспен байланысты болды. Сол себепті Жезқазған қаласының әкімі қызметіне үміткерлерді қараған кезде біз қаланың негізгі мәселелері тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығымен байланысты екенін ескердік», - деді аймақ басшысы Ерлан Қошанов.
Еске салайық, бұған дейін Жезқазғанның бұрынғы әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен қызметінен кеткен болатын.
Қайрат Бегімов 1968 жылдың 23-ші ақпанында Қарағандыда туған. Екі жоғарғы білімі бар, 1992 жылы Қарағанды политехникалық институттын, 2004 жылы Алматының экономика және статистика академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша «Өнеркәсіп көлігінің инженері», «Қызметкерлерді басқарушы, экономист».
Еңбек жолын «Қарағанды көмір» бірлестігінде жекешелендіру және тұрғын үй бойынша бөлімнің басшысы болып бастады.
90-шы жылдардың соңында, ең үлкен коммуналдық дағдарыс болғанда, Қайрат Бегімов Қарағанды аудандарының бірінде ТҮШК бөлімін басқарды. Кейін Октябрь ауданының әкімі, Коммуналдық мәселелер бойынша Қарағанды әкімінің орынбасары, онан соң Қарағанды облысы Құрылыс басқармасының жетекші орынбасары болып қызмет етті.
2015-ші жылдың шілде айынан бастап жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысы Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.