Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында үш көлік соқтығысып, жол кептелісі орын алды

zakon.kz
Бір адам зардап шекті.

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында Жансүгіров көшесіне жетпей үш көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Passat пен ГАЗель көлігі шығыс бағытта жүріп келе жатқан. Олардың артында Foton жүк көлігі келе жатқан. Бір сәтте ГАЗель "қытайлық" көліктің алдына шығады, Foton көлігі оны артынан келіп соғады. Соққының салдарынан ГАЗельді Passat көлігіне лақтырып жібереді.

Foton көлігінің кабинасы қатты зақымданып, жүргізушіні қысып қалған. Ер адам көліктен шығарылып, ауруханаға жеткізілді.

Апат салдарынан Рысқұлов даңғылының бойында екі бағытта да жол кептелісі орын алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз