Атырауда темекі шеккен қызы үшін анасы жауапқа тартылды

ҚазАқпарат
Сот отырысында қыздың анасы, кешірім сұрап, алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеуге міндеттенді.

Атырауда 15 жастағы қыздың автотұрақта темекі шегіп, оның қалдығын жерге тастағаны үшін оның анасы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2003 жылы туған Б. қоғамдық орында, яғни Геолог поселкесінде орналасқан автотұрақта темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастаған. Сонысымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ құқық бұзушылыққа жол берген.

Сот отырысында қыздың анасы, кешірім сұрап, алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеуге міндеттенді. Кәмелетке толмаған Б да өзінің ісіне өкінетіндігін жеткізді.

Сондай-ақ, сот шешімімен тәртіп бұзған жеткіншектің анасы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11 785 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы