Мамыр айында Қазақстанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері мен ақша массасы төмендеді

Abctv.kz
Ақша базасы мамырда 0,3%-ға тарылды және 4 787,6 млрд теңге болды.

2018 жылғы мамырда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 31,2 млрд АҚШ долларына дейін 0,5%-ға немесе 168 млн АҚШ долларына төмендеді (жыл басынан бері 1,4%-ға немесе 426,9 млн АҚШ долларына өсті), деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (59,2 млрд АҚШ долл.) қоса алғанда, 2018 жылғы мамырдың соңында 90,4 млрд АҚШ доллары болды.

Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуі Ұлттық қордың активтерін толықтыру, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен ішінара бейтараптандырылды. Бұдан басқа, банктердің корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтары төмендеді.

Ақша базасы мамырда 0,3%-ға тарылды және 4 787,6 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 4 509,9 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға төмендеді.

Мамырдағы ақша массасы алдын ала деректер бойынша 0,5%-ға тарылды және 18 836,9 млрд. теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 1 940,7 млрд теңгеге дейін 2,9%-ға ұлғайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр