Грекияда бірнеше қала су астында қалды

Хабар 24
Табиғи апаттан зардап шекендер жайлы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Грекияның бірнеше қаласы толассыз жауған жауын салдарынан су астында қалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Айтпай келген апаттың залалы әсіресе Афинаның солтүстік-шығысында орналасқан Мандра қаласына қатты тиді. Шаһарды лай су басып, бірнеше жол торабы жабылды. Елдің орталығы мен солтүстік бөлігінің тұрғындарына ауа райының қолайсыздығынан туындаған қиындықтармен күресуге тура келді. Халкидики түбегіндегі Ситония муниципалитетінде де ғимараттар топан су астында қалып, автокөліктер қозғалыссыз қалды.

Табиғи апаттан зардап шекендер жайлы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Мемлекеттің Ұлттық метеорологиялық қызметі қауіптің қызыл деңгейін жариялады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді