Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили 6 жылға сотталды

sn.kz
Оған «2006 жылы парламент депутаты болған Валерий Гелашвилиге жасалған шабуылды ұйымдастырды» деген айып тағылған.

Грузия экс-президенті Михаил Саакашвили сырттай алты жылға сотталды, деп жазады Sn.kz.

Маусым айының 28-і күні Тблиси қалалық соты экс-президент Михаил Саакашвилиді сырттай алты жылға бас бостандығынан айырды. Оған «2006 жылы парламент депутаты болған Валерий Гелашвилиге жасалған шабуылды ұйымдастырды» деген айып тағылған. Сотта Грузия парламентінің бұрынғы төрайымы Нино Бурджанадзе Саакашвилидің Гелашвилиге жасалған шабуылды қалай ұйымдастырғандығы жөнінде айтқан.

Валерий Гелашвилиге 2005 жылы ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шабуыл жасаған. Полиция қызметкерлері Гелашвили көлігін Тблиси орталығында тоқтатып, экс-депутатты соққыға жыққан. Аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс 2013 жылы Грузияда билік ауысқаннан кейін қайта қозғалған.

Михаил Саакашвилиден бөлек Гелашвили ісі бойынша экс-ішкі істер министрі Вано Мерабишвили мен ІІМ қарасты арнайы қызмет департаментінің бұрынғы басшысы Ираклий Кодуа сотталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді