Ғалымдар тіс пастасының зиян екенін хабарлады

Stan.kz
Зерттеушілер титан диоксиді екінші типті қант диабетін тудыратын зат болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

АҚШ-тағы Техас университетінің ғалымдары тіс пастасы мен косметикада қолданылатын E171 2 титан диоксиді екінші типті диабеттің дамуына себепкер болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл туралы Chemical Research in Toxicology басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Бұл химиялық заттар азық-түлік өнеркәсібінде және косметикада заттарға ақ түс беру үшін кеңінен қолданылады. Ол элемент адамға зиянсыз деп есептеледі.

E171 титан диоксидінің қасиеттері XX ғасырдың ортасында белгілі болды. Зат зиянды бояғыштарды қорғасынмен алмастырды. 1970 жылдары оны кеңінен пайдалана бастады. Дәл осы кезеңнен бастап екінші типті қант диабетімен ауыратын науқастардың саны төрт есеге арта түсті.

Ғалымдар өздерінің теориясын тексеру үшін асқазан безінің үлгілері алынған топқа зерттеу жүргізді. Тәжірибеге қатысқан сегіз адамның талдауларынан титан диоксиді табылды, және олардың барлығы 2 типті қант диабетіне шалдыққан.

Зерттеушілер осыдан кейін титан диоксиді екінші типті қант диабетін тудыратын заттардың бірі болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Ғалымдар зерттеу нәтижелерін ауқымды етіп тексеруге ниетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі