Кабулдың бұрынғы вице-президентіне ТГИЛ қастандық жасаған

Хабар 24
Саясаткер Түркиядан елге оралған сәтте Ауғанстан астанасы Кабул әуежайы маңында жарылыс болды.

Кабулдың бұрынғы вице-президенті Абдул Рашид Дустумға жасалған қастандықты «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды.

Еске сала кетейік, саясаткер Түркиядан елге оралған сәтте Ауғанстан астанасы Кабул әуежайы маңында жарылыс болды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жанкешті әуежай аумағына кіретін қақпаның алдында Дустум мінген көлік өтіп кеткен соң өзін жарып жіберген. Соңғы ресми деректер бойынша, 16 адам ажал құшты. Осыған дейін 9 кісінің өлімі туралы хабарланған еді. 70-тен аса жолаушы түрлі деңгейде жарақат алды.

Айта кетейік, Абдул-Рашид өткен жылы өзінің саяси қарсыласын ұрлап әкетіп, оған зорлық зомбылық көрсетті деген айыптардан соң Түркияға қашып кеткен. Бірақ ресми өкілі Дустум ол елге дәрігерге қаралу үшін уақытша барды деп хабарлаған еді. Ал ресми дерекке қарағанда, ол 2016 жылы Джаузджан провинциясында Ахмад Ишчиді ұрлап әкетіп, бірнеше күн қинаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды