Лаостағы су электр станциясында жарылыс болып, жүздеген адам жоғалып кетті

Хабар 24
Апаттың себебі әлі жарияланған жоқ.

Лаостың Аттапы провинциясындағы су электр станциясында бөгет жарылды.

Салдарынан тасыған су аймақтағы алты елді мекенді шайып өткен. Қаза тапқандардың нақты саны әзірге жарияланған жоқ. Жергілікті ақпарат құралдарының дерегіне сүйенсек, жүздеген адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Ал сол маңдағы 6 жарым мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Апаттың себебі әлі жарияланған жоқ. Қазір оқиға орнында құтқару-іздестіру операциясы жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды