Алматыда полиция рейд жүргізу үшін «Car city» базарын қоршауға алды

ҚазАқпарат
Тәртіп сақшылары сатушылардың құжаттарын тексеруде.

Алматы полициясы автобөлшектер базарларын тексеру рейдін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін полиция «Car city» базарын қоршауға алды. Тәртіп сақшылары сатушылардың құжаттарын тексеруде.

Құқық қорғаушылар сатушылардың сауда жүргізуге рұқсат лицензиялары бар-жоғын да анықтауда. Жедел-профилактикалық шараға қалалық ІІД 300 қызметкері, Ұлттық гвардияының сарбаздары жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, кеше «Жібек жолы» автобөлшек базары тексеруді бастаған еді. Жедел профилактикалық шара 29 шілдеге дейін жалғаспақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды