Бангладештегі рохинджа босқындары су тасқынынан жапа шегуде

Хабар 24
Мыңдаған босқын баспаналарын тастап, қауіпсіз жерлерге көшуге мәжбүр.

Бангладеште рохинджа босқындары орналасқан Кокс-Базар мен Раму аймағында нөсер жауыннан кейін су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, 5 бала қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Мыңдаған босқын баспаналарын тастап, қауіпсіз жерлерге көшуге мәжбүр. Халықаралық ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, жағдай бұлай жалғаса берсе, көп адам шығынына әкелетін апат та болуы ғажап емес. Себебі қазір бұл елде жаңбырлы маусым. Шілде айы оның ең күшті кезеңі болып саналады. Сондықтан биліктен қажетті шараларды қолға алуға шақырып отыр.

Еске сала кетейік, бұл босқындар былтыр тамыз айында Мьянма әскерилері Ракхайн штатындағы рохинджа көтерілісшілеріне қарсы әскери операция бастаған соң бас сауғалап, Бангладешке өткен болатын. Бірақ биыл қаңтар айында халықаралық қауымдастықтың қысымымен Мьянма билігі босқындарды кері қайтаруға келісті. Алайда босқындар елге оралса, қайта қуғындауға түсеміз деп, ол жаққа қайтқысы жоқ. Ал ресми дерекке қарағанда, қазір Бангладеште 700 мыңнан астам рохинджа бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды