ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов брифингте мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Мемлекет басшысының бұл істі бақылауға алыңдар деп тікелей бас прокурорға берілген тапсырмасы бар екенін бәрі біледі. ҚР Бас прокуроры бұл қылмыстық iсті өз бақылауына алды, осы iстер бойынша Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 192-бабыны сәйкес процестi жүргізетін арнайы прокурор тағайындалды», - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта іс екі бап бойынша қарастырылуда - бұл топтық түрде қасақана адам өлтіру және топтық түрде қасақана қарақшылық шабуыл жасау.
«Бұл қылмысты жасағаны үшін күдікті ретінде үш адам тұтқындалды. Дәлелдердің жеткілікті саны жиналды, прокурор олардың заңдылығын тексереді. Сот қамауға алу түріндегі ұстау шараларын санкциялады», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары.
Сондай-ақ, Ахметжанов бүгінгі күні Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адамның ұсталғанын мәлімдеді.
"Үш адам. Үш адам қамауға алынды. (...) қылмыс туралы хабарды жеткізбеген.
Журналистердің күдіктінің жеке өміріне қатысты сұрақтарына жауап бермеді.
"Күдікті қылмыс туралы біліп, хабарламаған. Тергеу амалдары туралы басқа ақпаратты ІІД қызметкерлері береді", - деп түйіндеді ол.