Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

i.ytimg.com
Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстігінде және орталықта тұман болады деп күтілуде.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай жарқылдап жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады. Алматы, кей жерлерінде Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады