Бұл туралы ҚР-дағы Өзбекстанның төтенше және уәкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев ШҚО әкімінің орынбасары Ерлан Аймұқашевпен кездесу барысында мәлімдеді. Сонымен қатар, тараптар екіжақты қазақстандық-өзбекстандық серіктестікті дамытудың өзгеде тетіктерін талқылады, деп хабарлайды Baq.kz.
Аймақ басшысының бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев Саидикрам Ниязходжаевты Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырды.
Бүгінде ШҚО мемлекеттегі ірі өндірістік-индустриалды аймақ болып табылады. Сонымен қатар, аграрлық сектордағы әлеуеті де зор, оның үстіне денсаулық сақтау және білім беру мен мәдениет саласында да жеткен жетістігі аз емес.
«ШҚО Қазақстандағы ірі агроөндірістік өңір болып табылады. Біз өзбекстандық серіктестермен байланыс орнатуға мүдделіміз. Осы кездесу екі елдің одан ары нәтижелі серіктестік орнатуына оң әсерін тигізеді деген үміттемін», - деді Ерлан Аймұқашев.
Белгілі болғандай, қазіргі таңда аймақта Өзбекстанмен бірлескен 9 нысан жұмыс істейді.
Өз кезегінде, Өзбекстанның елшісі екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туризм салаларында да одан ары байланыстарын нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Сонымен қатар, елші достық қарым-қатынасты одан ары сақтау қалудың маңыздылығын, осы ретте туризмді дамытудың қажеттілігін атап өтті.
«ШҚО-ның табиғаты керемет, қолайлы жағдайда жасалған. Өзбекстанда да тарихи ескерткіштер, киелі орындар жеткілікті және олар Қазақстан мен Өзбекстан аумағында тұратын халықты өзара жақындастырады. Біз бірлескен сапарлар ұйымдастыруды көздеп отырмыз, - деді Саидикрам Ниязходжаев.
Жалпы, ШҚО мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы өткен жылдың қортындысы бойынша 2 млрд долларды құрады. Ағымдағы жылдың алты айында ол 1 млрд 4 млн долларды көрсетті. Ағымдағы жылы бұл санды 3 млрд долларға дейін жеткізу жоспарланған.