Алматыда құлдықта болдым деген жасөспірім жауапқа тартылуы мүмкін

ҚазАқпарат
ІІД мамандары жасөспірімнің Алматыда 1,5 ай құлдықта болдым деген ақпаратын тексерді.

Алматы полициясы 16 жастағы жасөспірімнің құлдықта болғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ақпарат бұған дейін бірқатар БАҚ-да жарияланған болатын. БАҚ мәліметтеріне қарағанда, 16 жастағы Павлодар тұрғыны 1,5 ай бойы үйіне орала алмаған. Кейін анасына біреулер хабарласып, баласының Алматыда құлдықта екенін хабарлаған.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандары жасөспірімнің Алматыда 1,5 ай құлдықта болдым деген ақпаратын тексерді.

Аталған дерек ҚР ҚК 126-бабымен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қылмыстық іс негізінде Алматы полициясы павлодарлық әріптестеріне тиісті тергеу амалдарын жүргізуге тапсырма берді. Тексеру барысында 16 жастағы жігіттен жауап алынған.

«Жас жігіт Алматыға ақша табу үшін келгенін айтты. 1,5 ай бойы Алматыда жеке құрылыс орнында күніне 3-4 сағаттан жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында ол қонақ үй типіндегі бөлмені жалдап тұрған», - деді ІІД баспасөз қызметінен.

Полиция құлдық туралы қылмыстық істі тоқтатты. Есесіне бұл туралы ақпарат таратқан тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалатын болды.

«ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлімімен жалған ақпарат тарату бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталады. Әр адам айтқан сөзі үшін жауап беруі тиіс. Бүгінде жалған ақпарат таратқан адамдар айыбы дәлелденсе, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстарын жасайды. Болмаса 2-5 жылға бас бостандығы шектеулі мүмкін», - деді полициядан.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды