Илья Ильиннің бұрынғы әйелі Азиадада Қазақстанға жеңіс сыйлады

baq.kz
Қазақстанның гандболдан әйелдер құрамасы екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Қазақстандықтар Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жазғы Азиадада жарысқа шықты, деп хабарлайды Вaq.kz.

Қазақстанның гандболдан әйелдер құрамасы екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Спортшы қыздарымыз алдымен Үндістан құрамасын 36:19 есебімен жеңді, содан соң Қытай құрамасын 27:26 есебімен ұтты.

Қытайлықтармен кездесу аяқталғанға екі секунд қалғанда Наталья Ильина гол салды. Енді жалпы есепте Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен Оңтүстік Кореядан кейін екінші орында тұр. Одан әрі Қытай, КХДР және Үндістан тұр. Оларда әзірге ұпай жоқ. Жартылай финалға шығу үшін топтық бәсекеде бірінші не екінші орын алу керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді