Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады

bnews.kz
Түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман түседі.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, орталықта және шығыста найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстіктің кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, екпінді жел күтіледі, дауыл соғады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, түнде желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, желдің екпіні 25 м/с болады, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Алматы облысында таулы ауданындарда найзағай күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Жамбыл, Түркістан, кей жерлерінде Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс