Екібастұз қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Baq.kz
Жаңа әкімді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды.

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Нұржан Әшімбетов Екібастұз шаһарының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Жаңа әкімді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды.

«Қайрат Нүкеновтің Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты Президент Әкімшілігінің және Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен, менің өкімім бойынша Нұржан Әшімбетов Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды. Мемлекеттік қызметте 15 жылдық еңбек өтілі бар Нұржан Кемерұлы өзін білікті басшы ретінде көрсете білді. Жаңа лауазымда сізге табыстар тілеймін. Екібастұз инвестициялық орталыққа айналу керек. Бұл өңір көмірдің мекені болғандықтан, барлық жоспарлы жұмыстар тиянақты әрі сапалы жүзеге асу қажет», - деді Болат Бақауов.

Нұржан Кемерұлы артылған сенім үшін алғысын білдіріп, алға қойылған мақсаттарды орындауға тырысатынын айтты.

Нұржан Әшімбетов - Павлодар облысының тумасы. 49 жастағы ол зооинженер мамандығы бойынша Алма-Ата зооветеринарлық институтын, ал бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

2016 жылғы 13 сәуірден бастап Павлодар қаласының әкімі болып қызмет етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты