ШҚО әкімі жол жөндеу жұмыстарының сапасын сынға алды

altaynews.kz
Мәслихат депутаттары Шемонайха мен Семей арасындағы тас жолдың өте нашар күйін де қоса сөз етті.

Аймақ басшысының облыстағы жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына көңілі толмады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында айтылды. Даниал Ахметов Қарауыл ауылына дейінгі жолға жасалған жөндеудің сапасын жуықта өз көзімен көріп қайтқан екен.

-Жұмыстың сапасы өте төмен. Екі жылдан кейін жол қирап қалады! – деді әкім.

Сондай-ақ, ол Өскеменнің жырға айналған жолдарын да сынға алды. Жөндеу жұмыстары жобалаушылардың қателігінің салдарынан әлі созылып келеді: әр учаскеде құжаттаманы қайта жасап, түзетулер енгізуге, өткізу мерзімін ұзартуға тура келіп отыр екен.

Мәслихат депутаттары Шемонайха мен Семей арасындағы тас жолдың өте нашар күйін де қоса сөз етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады