ҚР БҒМ: Мектептердегі хиджабқа қатысты ұстанымымыз өзгеріссіз қалды

inform.kz
Еліміздің мектептерінде хиджаб киюге тыйым салынған.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағдиев орта мектепте хиджаб киюге қатысты министрліктің ұстанымы туралы, сондай-ақ, Қазақстанда қыздар мен ұлдар бөлек оқитын рухани мектептер құру туралы мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хиджабқа қатысты - мектептерде оны киюге тыйым салынады. Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ, балаларды жеке оқытуға қатысты министр "жеке білім мен діни білімді шатастырмауды сұрады".

«Қандай оқыту жүйесі болмасын, мектеп бағдарламасы бәріне ортақ. Сондықтан кез-келген мектептердегі кез-келген білім беру біз қабылдаған бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде жүргізіледі. Бұл бәріне де қатысты. Оған деген көзқарасымыз өзгерген жоқ. Қоғам бұған түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», - деді ҚР Білім және ғылым министрі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған