Қазақстанда электромобильдер саны артуда

20 жыл бұрынғы көліктерді сатып алуда Алматы облысы (122 713 бірлік) көш бастап тұр.

Қазақстанда жыл басынан бері 8,5 мыңнан астам автокөлік құралы тіркелген, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» компаниясының ақпаратына сәйкес, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 13,9% артық. Екінші рет тіркеу де 13,2% артып, 7,9 мың бірлікке жетті. Ал бірінші рет тіркеліп отырған көліктер саны 52 мыңға жуықтап, алдыңғы жылғы көрсеткіштен 26% жоғары болып отыр.

2018 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша 116 мың бірлік көлік тіркеуден өткен. Бұл өткен жылғыдан 9,5% жоғары. Оның 108 мың бірлігі – қайталанған нарықтағы қайта сату.

Сонымен қатар, Қазақстанда электромобильдер үлесі де артып келеді. 2018 жылдың қаңтар мен тамыз айлары аралығында электрлік тарту күшімен жұмыс жасайтын 43 жеңіл көлік тіркелген. 2017 жылы олардың саны 35 бірлікті құраған.

Айта кету керек, жыл басынан бері тіркелген автолардың басым бөлігі 20 жыл бұрынғы көліктер (39,6% немесе 316 276 бірлік). Одан кейін 11-20 жылдық көліктер болса (29,5% немесе 236 247 бірлік), 8-10 жас аралығындағы автокөліктер үлесі 5,5% немесе 44 216 бірлікті құрап отыр. Сол сияқты, 1-3 жыл бұрын пайдалануға берілген көліктер 4,5% (36 205 бірлік) болса, судай жаңа автокөліктер үлесі 0,5% (3 648 бірлік) құрап отыр.

Соның ішінде, 20 жыл бұрынғы көліктерді сатып алуда Алматы облысы (122 713 бірлік) көш бастап тұр. Одан кейін Түркістан облысы (116 781 бірлік) мен Алматы қаласы (98 144 бірлік) орналасқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: