Алматы облысының тұрғыны өз ауласында есірткі өсіріп келген

Baq.kz
1 күн ішінде ескірткінің заңсыз айналымына қатысы бар алты тұлға анықталды.

Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, полицейлер заңсыз есірткі айналымына қарсы күресті күшейтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Өңірдегі жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде есірткі заттарын өндіру, оны пайдалану мен таратудың алты дерегін әшкерелеп, кінәлі тұлғаларға қатысты іс қозғады.

«1 күн ішінде ескірткінің заңсыз айналымына қатысы бар алты тұлға анықталды. Оның ішінде, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қарасай ауданының 50 жастағы тұрғынының ауласынан баптап өсірілген 53 түп марихуанна өсімдігі табылып, тәркіленді. Айғақ заттың жалпы салмағы жеті килограмм болды. Қылмыстық заңнамаға сәйкес күдіктіге қатысты іс қозғалды»,- дейді полицейлер.

Айта кетейік, Алматы облысы Ішкі істер департаментінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес жыл басынан есірткіге қарсы күрес полициясы облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 300-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, төрт тоннаға жуық есірткі өнімдерін тәркілеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі