Астанада Пушкин көшесі ішінара жабылады

astana-akshamy.kz
Айналып өту Қ. Мұнайтпасұлы көшесімен ұйымдастырылады.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Тәуелсіздік даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаскедегі А. Пушкин көшесі бойынша асфальтбетондық жабындының жоғарғы қабатын салу жұмыстарын бастауды жоспарлауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты, 7 қыркүйек сағат 11:00-ден 8 қыркүйек 06:00-ге дейін және 8 қыркүйек сағат 11:00-ден 9 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі А. Пушкин көшесінің аралығы автокөлік құралдарының қозғалысы үшін ішінара жабық болады.

Cонымен қатар, жөндеу жұмыстары кезінде А. Пушкин көшесі бойынша жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.

Айналып өту Қ. Мұнайтпасұлы көшесімен ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі