Божко АШМ-ның жолдарды салуға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді

Baq.kz
Бұл жоба 2015 жылдан бері Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауында жатыр.

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Ауыл шаруашылығы министрлігінің автожолдарды салу үшін 4 облыстағы 11 жер учаскісін бермегенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі орман қорындағы 11 жер учаскісін автожолды салуға берудің орнына орынсыз ұзақ келіссөздер жүргізуде. Бұл Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарындағы 118 га жер. Бұл жоба 2015 жылдан бері Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауында жатыр», - деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Айта кетейік, Бүгін Мәжілісте «2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында автомобиль жолдарын дамыту тақырыбында Үкімет сағаты өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты