Ол түзелмейді: Министр Күлекбаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатқанын айтты

Сурет: zakon.kz
Руслан Күлекбаев осыдан екі жыл бұрын Алматыда теракт жасап, он адамды өлтірген еді.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "алматылық мерген" Руслан Күлекбаевтың суицид жасамақ болғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жуырда БАҚ бетінде Қостанай облысы УК-161/12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан террорист Руслан Күлекбаевтың екі рет өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тараған еді. Министрдің айтуынша, Күлекбаев қатаң режимді түрмеде, бейнебақылауда.

"Ол екі рет өзіне қол салмақ болды. Қарауыл оның төсек жаймасын байлап жатқанын көрген. Қызметкерлер оған кедергі жасап, суицидке жол бермеді", — деді Қасымов.

Министр жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, оның наным-сенімі өзгермеген айтты.

"Ашығын айтқанда, ол түзелмейді. Сондықтан оны қатаң бақылауда ұстаймыз", - деген пікірін білдірді министр.

Еске сала кетсе, 2016 жылдың 18 шілдесінде Алматыда Руслан Кулекбаев полицейлерге шабуыл жасады. Атыс салдарынан он адам қаза тапқан еді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған оқиғаны теракт деп атады. 2 қараша күні Руслан Күлекбаев сот үкімімен өлім жазасына кесілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды