Қазақстан мен Ресей ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

primeminister.kz
Сондай-ақ, Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр.

15 қыркүйекте Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті, дееп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмастырылып, «Бәйтерек» бірлескен Қазақстан–Ресей жобасының іске асырылу барысы талқыланды.

«Байқоңыр» кешені жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы жұмыс тәртібі, сондай-ақ, Байқоңыр қ. дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі таңда инвестициялар тарту мақсатында Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр.

Сонымен қатар, кездесу барысында ғарыштық байланыс спутниктерін бірлесіп құру саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті