Бірінші жартыжылдықта БЖЗҚ инвестициялық табысы 378 183 млн теңгені құрады

Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 70%-ға артық.

2018 жылдың 1 шілдесіне портфельдің негізгі үлесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (46,7%) орналастырылса, 19%-ы қазақстандық екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздарына инвестицияланған, деп хабарлайды Zakon.kz «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Валюталық құрылым бойынша 68%-ы теңгелік қаржы құралдарына салынса, 32%-ы шетелдердің валюталарында сақталуда.

2018 жылдың 1 жартыжылдығында БЖЗҚ зейнетақы активтеріне есептелген инвестициялық табыс 378 183 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 70%-ға артық. Есептік мерзімдегі табыс құрылымының негізгі бөлігін құнды қағаздар (купон немесе дисконт) бойынша сыйақылар (63%) құрады. Инвестициялық табыс құрылымындағы үлесі бойынша қаржы құралдарын қайта бағалаудан түскен табыс екінші орында. 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш бойынша өсім бар (24%). Орналастырылған салымдар мен құнды қағаздарды алып-сатудан түскен сыйақылар бойынша табыстар 5 %-ды, қалған инвестициялық табыстар 3 %-ды құрады.

Анықтама:

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: