Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында «Шенген визасын» әзірлеуді ұсынды

Lenta.ru
Бұл бастама туристер ағынын көбейтіп, Жібек жолы бойындағы аймақтардың әлемге танылуына мүмкіндік береді деп санайды Мұхамедиұлы.

Мәдениет және спорт министрі Астанада өткен халықаралық туристік форум барысында Орталық Азия елдерінің арасында «Шенген визасын» әзірлеудің маңызы жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе туристік өнім шығаруды жоспарлап отыр. Екі ел өздерінде бар ресурстарымен бірін бір толықтырып отыр", - деді ол.

Оның сөзінше, Өзбек азаматтары түркі елдерінің қасиетті орны Түркістанды, қазақстандықтар туризм маржандары Бұхара, Самарқанд, Хиуа қалаларына барады.

Бірақ Қазақстан Жібек жолы бойы аймағында туризмді дамыту үшін виза режимін жеңілдету мен авиа және көлік байланысын жақсарту секілді мәселелерді көтеріп отыр.

«Қазіргі таңда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы виза мәселесі шешіліп жатыр. Осы мәселеге Қырғызстан мен Тәжікстан да қызығушылық танытып отыр. Егер елдер өзара түсінісіп, ортақ келісімге келсе алдағы уақытта Орталық Азия мемлекеттерінің «шенген визасын» әзірлеу мүмкін болмақ», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл бастама туристер ағынын көбейтіп, Жібек жолы бойындағы аймақтардың әлемге танылуына мүмкіндік бермек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді