«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші айқас өткізуге сөз берді

ҚазАқпарат
Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласында өткен болатын.

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Инстаграмда мексикалық Сауль Альваресті Геннадий Головкинді жеңгенімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, ол болашақта жанкүйерлердің жекпе-жектің үшінші бөлігін тамашалай алатындарын атап өтті.

«Канело», құттықтаймын! Мексикалық чемпион. Головкин, сен тамаша боксшысың, керемет чемпионсың. Жалғасын көреміз бе? Иә, әрине көреміз. Бірақ, ең алдымен - «Канело» чемпион. Бәрін басынан бастаймыз», - деді Де ла Хойя.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласында өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды. Олардың бірінші айқасы былтыр тең нәтижемен аяқталған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі