Баланы құтқарған астаналық тұрғын жарты миллион теңге алды

BNews.kz
Бұл оқиға азаматтарымызға айналасына қалай қарауы тиіс екенін көрсететін айқын үлгі болып отыр - Астана әкімі.

Астана қаласының әкімдігі көп қабатты үйдің 10-қабатынан құлаған баланы құтқарып қалған Артем Каревті марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті, Артем Семенович. Біз сіздің кешегі әрекетіңізге танқалдық. Өз өміріңізді тәуекел ете отырып жап-жас, 7 жастағы астаналық баланың өмірін сақтап қалдыңыз. Бұл оқиға азаматтарымызға айналасына қалай қарауы тиіс екенін көрсететін айқын үлгі болып отыр. Сіздің бұл ісіңіз ештеңемен бағаланбаса да, мұндай әрекетті назардан тыс қалдырмауымыз керек. Сол үшін қорымыздан (марапат - авт.) қаржы бөлеміз деп шештік", - деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.

Артемге 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

24 қыркүйекте Астана қаласында тұрғын үйдің 10-қабатынан 7 жасар бала құлап кете жаздаған. Ал оны көрген бір қабат төмен орналасқан көршісі тез шешім қабылдап, баланы қағып алуға бел буған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты