Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

novostipmr.com
Қазақстан аумағының кей жерінде жел күшейіп, түнде оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.

Бүгін атмосфералық фронталды бөліктер еліміздің батысына және солтүстік батысына ықпал етіп, кей жерде жауын жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының кей жерінде жел күшейіп, түнде оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Aлматы облысында, Жалаңашкөл ауданында түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Түнде Қызылорда облысының кей жерінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, шауды дауыл көтеріледі.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Aқтөбе облысының бірқатар аймағында найзағай ойнап, кей жерде жел жылдамдығы 18 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысында желдің жылдамдығы снекундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан, түнде Aтырау облыстарының бірқатар аймағында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түнде және күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан, облыстарында тұман түсуі ықтимал .

Шығыс Қазақстан облысында 3 градус үсік жүреді.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды