Бірдей костюм киген Трамп пен Порошенко желі қолданушыларын күлдірді

Stan.kz
Украина президентінің баспасөз хатшысы Станислав Цеголко Твиттерде Порошенко мен Трамптың екі елдің бас ханымымен түскен суретін жариялады.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Петр Порошенконың бірдей костюм киген сәті желі қолданушыларын күлдірді, деп жазады Stan.kz.

Украина президентінің баспасөз хатшысы Станислав Цеголко Твиттерде Порошенко мен Трамптың екі елдің бас ханымымен түскен суретін жариялады. Суретте екі ел басшысы бірдей қою түсті костюм мен ақ жейде киіп, қызыл галстук тағып тұр.

“Тіпті, дресс-кодтың өзі екі стратегиялық серіктестер ұстанымының бірлігін білдіреді” – деп жазды Цеголко.

“Петр мен Трамп екеуі бір дүкеннен киім сатып алғанға ұқсайды”, – деді желі қолданушысы Виктор Остафейчук.

Желі қолданушыларын Порошенко Америка президентімен суретке түсу үшін қанша ақша берді екен деген ой мазалады. Кейбірі суреттің шынайылығына сенбеді. Сурет монтажбен жасалған деген пікір айтты.

Бұған дейін Порошенко «Би-би-си» дерек көзін өзі жайлы жазған мақала үшін сотқа берген. Мақалада Порошенконың Трамппен кездесу үшін қаражат төлегені айтылған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты