Қарттар күніне орай бір қарияға 6013 теңгеден берілді

Baq.kz
Қарттар күніне орай 78 мың зейнеткерге 6 013 теңге (2,5 АЕК) көлемінде бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Халықаралық Қарттар күніне орай елорданың 78 мыңға жуық зейнеткеріне 6 013 теңге көлемінде бір жолғы ақшалай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Baq.kz.

Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы аға буын өкілдеріне біржолғы көмекті жергілікті бюджет есебінен берген.

«Қарттар күніне орай 78 мың зейнеткерге 6 013 теңге (2,5 АЕК) көлемінде бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл күні олар қаладағы барлық жолаушылар көлігімен тегін жүрді. Сондай-ақ, зейнеткерлерге тегін тіс протездеу қызметі көрсетілді», - делінген басқарманың ресми хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, зейнеткерлерге тұрақты түрде Қарттар, мүгедектер және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында шипажай-курорттық ем алу үшін әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Бұл орталық Бурабайдағы Қатаркөл жағасында орналасқан.

«Жыл басынан бері 4 мыңға жуық адам шипажайда ем қабылдаған, соның ішінде 1,7 мың зейнеткер, 2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады