Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Хабар 24
Республиканың кей жерлерінде күшті жел соғып, тұман түседі.

Атмосфералық фронттардың ықпалында болатын батыс және шығыс аумақтарда ғана жауын жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде күшті жел соғып, тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстанда, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге күшеймек. Сонымен қатар Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты