Елордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Сербия президенті кездесуде

sputniknews.kz
Сербия президентінің сапары барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылмақ.

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сербия президенті Александр Вучич кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәртебелі мейманды Нұрсұлтан Назарбаев Ақорданың алдынан арнайы күтіп алды. Осыдан кейін резиденция ішінде мәртебелі мейманның құрметіне салтанатты қарауыл сап түзеп, екі елдің әнұрандары ойналды.

Қазіргі уақытта екі елдің басшылары оңаша әңгімелесуде.

Айт кетейік, Сербия басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен ресми сапармен келіп отыр. Сапар аясында Александр Вучич Қазақстан-Сербия іскерлік форумына, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI сьезінің ашылуына қатысады деп жоспарланған.

Сербия президентінің сапары барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылмақ. Оның ішінде Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ, Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігі мен Сербияның жастар саясаты және сопрт министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бар.

Жалпы ағымдағы жылдың 6 айында Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-саттықтың көлемі 16,7 млн АҚШ долларын құрады. Қазіргі кезде Қазақстанда 20-дан астам сербиялық компания тіркелген. Олардың басым бөлігі көтерме және бөлшек саудамен, сондай-ақ, тұрғын-үй мен коммерциялық нысандардың құрылысымен айналысады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды