15 жасар қазақ қызы «Мисс Мәскеу-2018» байқауының финалына өтті

ҚазАқпарат
Қазір Дина 9-сыныпта оқиды және қосымша музыкалық мектепте білім алады.

15 жасар қазақ қызы Дина Қожасаева «Мисс Мәскеу-2018» байқауының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, Дина туғаннан бері Мәскеу қаласында тұрады екен. Оның анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, өз отбасының Қазақстаннан ертеректе көшіп барған. Ол барғалы жұрт қатарлы күн кешкендерін, балалары сонда мектепте оқығанын, ара-тұра Алматыдағы және Шудағы туыстарына келіп тұрғанын айтады. Бірақ қызының бұл байқауға қатысуы аяқасты болғанын айтады.

«Менің құрбым бар - ол өзі Мәскеу мисі. Ол Динаны көрген кезде байқауға қатыс деп кеңес берді. Біз өтінім жолдадық, кейін бізді шақырды. Дина ұйымдастырушы комиссияға ұнаған көрінеді. Кастинг кезінде Дубайдағы журналдардың бірінің редакторы байқап қалып, түсірілімге шақырды», - дейді Линда Қожасаева.

Қазір Дина 9-сыныпта оқиды және қосымша музыкалық мектепте білім алады.

Байқаудың финалы 28 қараша күні өтеді. Онда жеңімпаз атанған қатысушы «Ресей сұлуы-2019» ұлттық фестиваліне қатысады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды