Қызылорда облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жыл сайын 2 млрд теңге бөлінеді

24.kz
Қызылорда қаласының сол жағалауынан 18 көпқабатты тұрғын үй жеке инвесторлар есебінен салынып жатыр.

Қызылорда облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден бөлу туралы шешім қабылған.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің "Нұрлы жер" бағдарламасының орындалу барысына арналған брифингтегі хабарлауынша, бүгінде әлеуметтік осал топты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін үш жылға арналған өңірлік "Орда" тұрғын үй құрылысының "Жол картасы" әзірленген.

"Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден бөлу туралы шешім қабылданды. Қызылорда қаласының сол жағалауынан 18 көпқабатты тұрғын үй жеке инвесторлар есебінен салынып жатыр. 14 үйдің 4 және 5-ші қабаттарында 248 пәтер "Орда" бағдарламасына қатысады. Жергілікті атқарушы органдар жеке инвесторлардан осы пәтерлерді сатып алады. Тұрғын үйге мұқтаж отбасылар және осы бағдарламаға қатысушылар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да депозит ашу керек. Біздің мақсатымыз – өңірдегі әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін тұрғын үйді қолжетімді ету" – деді С.Сүлейменов.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, көпбалалы және толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандар немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1,2 топтағы мүгедектер, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер және 35 жасқа дейінгі екі жыл некеде тұрған жас отбасылар бастапқы төлемсіз қатыса алады.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша өңірде екінші деңгейлі 8 банк жұмыс істейді. Ипотекалық баспана тек жаңадан салынған үйден беріледі. Несие өсімінің мөлшерлемесі ешқандай комиссиясыз жылына 7% құрайды. Бастапқы жарна – 20%, 25 жылға дейін беріледі. Бүгінгі күні банктермен 19 өтінімнің 16 мақұлданған, егелері пәтерлерінде тұрып жатыр. Жыл соңына дейін бұл бағдарлама аясында 150 дейін өтінім түседі деп күтілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді