Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 3 млрд теңгеден астам қаржы аударды

24.kz
Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі және Жаңақорған аудандар көш бастап тұр.

Осы жылдың қазан айында Медициналық сақтандыру қорына Қызылорда облысының тұрғындары 253,8 млн теңге жарна аударды деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен осы жылдың 31 қазанына дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарнаның жалпы сомасы 3 млрд 214 млн теңгеге жетті.

Оның 3 млрд 56 млн теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 158 млн теңгесі – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі және Жаңақорған аудандар көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталып, келешекте МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады, деп хабарлайды "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" филиалының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды