ҚР Министрліктері мен еліміздің 12 аймағының әкімдіктері Алматы қаласында мүгедектерге арналған кедергісіз ортаны құрудың шарттары туралы зерделеді. Мұндай бағдарлама ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен, әлеуметтік қызметтер көрсету және мүгедектердің құқықтарын көтермелеу жөніндегі республикалық семинар аясында өтті, деп хабарлайды BNews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қалалық әкімдіктің өкілдері Алматыда кедергісіз ортаны құру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы толығырақ тоқталды. Алматыда тұратын 44 мың мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету мақсатында бұл мәселеге жан-жақты көз жеткізу атап өтілді. Мұнда жұмысқа орналастыру, мүгедектіктің алдын алу, кәсіби медициналық оңалту, бос уақытты өткізу үшін әлеуметтік нысандарды салу кіреді. Жалпы алғанда, қалада кепілдендірілген әлеуметтік қызметтерді көрсететін 10 медициналық-әлеуметтік мекеме және 13 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімділікті арттыру мақсатында қалада қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2010 жылдан 2016 жылға дейін мүгедектердің арбаларына адамдарды отырғызу үшін шалқаймалы пандустары бар төменгі еденді көліктің 850 бірлігі (635 автобус пен 215 троллейбус) жаңартылды.
"2017 жыл мен 2018 жыл аралығында 500-ден астам көлік сатып алынды, сонымен бірге метрополитен мүгедектігі бар адамдарды отырғызу мүмкіндігі бар 4 вагоннан 7 жылжымалы құраммен қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, аялдамалар мен тротуарларда 2 мыңнан астам пандус бар. Қалада көру қабілеті нашар адамдар үшін 72 бағдаршам дыбыстық ілеспемен жабдықталған және 83 белгі орнатылған", - деп хабарлады қалалық әкімдікте.
Соңғы 3 жылда қалада көлденең көтергіш платформалармен жабдықталған, жаяу жүргіншілерге арналған 10 өткел (Момышұлы көшесі, Рысқұлов даңғылы, Сүйінбай даңғылы, Шаляпин көшесі, Солтүстік айналма көшесі мен ШААЖ) салынды.
Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 14 мың адам жеке көмекшілермен, ал 3 мыңы ымдау тіліндегі мамандармен қамтамасыз етілді.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Алматыда мүгедектікті болдырмау мақсатында алғаш рет патологиялары бар балаларға арналған "Ерте араласу" әлеуметтік қызмет көрсету" жобасы іске қосылды. Жобаның 7 айлық нәтижесінде 123 отбасы кешенді көмек алды. 63 балада толығымен мүгедектігі расталды, 60 баланың 57-сі мүгедектіктің ауыр жағдайынан айырыла алмады, ал 3 балаға бір жыл бойына ұзақ мерзімді оңалту қажет.