Қазақстанда полиэтилен пакеттерге тыйым салынады

inform.kz
Бұл тұрғыда вице-министр елімізде полиэтилен пакеттеріне тыйым салу шаралары алдағы 5-10 жылда енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Қазақстан біртіндеп полиэтилен пакеттерден бас тартады. Бұл туралы Парламент Сенатында тілшілерге ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз полиэтилен пакеттерді пайдаланудан біртіндеп жүйелі түрде бас тартуымыз керек. Бұл бағыттағы қадамдарға тиісті уақыт керек. Сәйкесінше, оны іске асыру үшін баламалы өнімдерді дайындауға тиістіміз. Атап айтқанда, біз өте маңызды қадамды жасадық, яғни супермеркеттерде полиэтилен пакеттері тегін таратылмауына қол жеткіздік. Әзірленіп жатқан Экологиялық кодекс аясында аталған мәселені пысықтайтын боламыз", - деді Сәбит Нұрлыбай.

Бұл тұрғыда вице-министр елімізде полиэтилен пакеттеріне тыйым салу шаралары алдағы 5-10 жылда енгізілуі мүмкін екенін айтты. Еске сала кетейік, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев полиэтилен пакеттерді қолданыстан шығаруға қатысты пікір білдірген еді.

"Түбінде полиэтилен пакеттерге тыйым саламыз деп ойлаймын. Өйткені, полиэтилен пакеттерге, қоршаған ортаны қорғауға қатысты проблема бар және ол барынша күрделі. Қайта өңдеу әлі талапқа сай емес. Көрші Өзбекстанда шаралар қабылданып жатыр. Бірақ, біздің экономикамыз бірден алып тыйым салуға әлі дайын емес. Біз тыйым салу шараларына бармаймыз, бірнеше кезеңге бөліп тастаймыз", - деді министр.

Оның айтуынша, ең алдымен мұндай пакеттерді тегін беру тоқтатылады. Яғни, адамдар аталған пакеттерге ақша төлеуі тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді