Қазақстанда күн күрт суытады

alau.kz
"Қазгидромет" РМК 29 қараша – 1 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам жасады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым аумағында ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт cуытады. Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарының солтүстік-батыс бағытқа ауысуымен байланысты болып отыр.

"Соның әсерінен Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массалары ығысады", — делінген хабарламада.

Бірақ суық ауа массаларынан бұрын Қара теңіздегі циклон мен онымен байланысты атмосфералық ағымдардың әсерінен солтүстікте қар жауып, бұрқасындатады, қатты жел тұрады. Ал оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді