Елбасы Жарлығымен үздік қызметкерлерге мемлекеттік наградалар берілді

inform.kz
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытуда үздік жетістікке жеткен қызметкерлерді ҚР мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Zakon.kz ХАА құжат мәтінін оқырман назарына ұсынады.

***

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: Бәйменова Құралай Базарбайқызы - "Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы" ҚБ төрайымы Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы - "Шәушен" ШҚ басшысы, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы Соловьева Алина Робертовна - "А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі, Шымкент қаласы.

2.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 5 желтоқсан

№ 798

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады