Павлодарда 2,5 миллион теңгеге шоколад ұрлағандар ұсталды

baker-group.net
Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Полицейлер 2,5 миллион теңге сомаға шоколад өнімін ұрлады деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

- Жергілікті екі тұрғын жаңа жыл қарсаңында шоколад өніміне сұраныстың артатынын пайдала отырып, қылмыстық жол арқылы табыс табуды көздеген, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. – Олардың екеуі де ешбір жерде жұмыс істемейді. Бұрын олар шоколад өнімін көтерме-бөлшек саудамен айналысатын қалалық фирмалардың бірінде жұмыс істеген. Сондықтан қойманың аумағын және жұмыс кестесін жақсы білген.

Күдіктілер аз уақыттың ішінде үлкен көлемде және төмен бағамен сатып алушыларды тауып алған. Оларды қолайлы баға қызықтырған. Бұдан кейін кешкілік уақытта қойманың аумағына кіріп, құлыпты ақырын ашқан. Шоколад салынған 98 қорапты 1 млн теңгеге сатқан.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз