Созақ ауданында бір топ жігіттің арасындағы кикілжің кісі өліммен аяқталды

gorod55.ru
Қазіргі таңда күдікті 4 азамат ұсталып, қамауға алынды.

Түркістан облысының Созақ ауданында бір топ жігіттің арасындағы кикілжің соңы кісі өлімімен аяқталды. Бұл туралы otyrar.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылдың желтоқсан айының 22-не Құлатай Асылбек Талғатұлын достары келіп үйінен ертіп алып кеткен. Туғандары аман-есен жолдастарымен кеткен ұлының қайтыс болғаны туралы хабарды түнгі үштен аса естіген.

Жиырма бір жасында өмірден озған жігіттің туыстары ерегіске екінші тараптан төрт жігіттің әуелден суық қару алып келгендігіне сенімді.

"Тек тергеу жұмыстарының әділ өтуін тілейміз", - дейді марқұмның жақындары.

Ал Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл іс бойынша тергеу жұмыстарының басталып кеткендігі туралы хабарлады.

"2018 жылдың 22 — желтоқсанында Созақ ауданында болған оқиға Созақ АПБ де ҚР ҚК- нің 106 бабы, "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бойынша СДТТБ тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда күдікті 4 азамат ұсталып, қамауға алынды. Аталмыш қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты