Төрт күнде 2 мың шақырымнан астам темір жол қардан тазартылды

yaroslav-gunin.livejournal.com
Қар тазарту жұмыстарына 44 дана қар тазалау және қар аршу техникасы жұмылдырылған.

Соңғы төрт күн ішінде, яғни 18 мен 21 қаңтар аралығында ауа райының күрт бұзылуына байланысты шығыс өңірінің барлық станцияларында жолды қардан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Бұл туралы "Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

Жұмысқа шамамен 300 теміржолшы тартылды. Стансаларда жол шаруашылығы қызметкерлері, қар бұрқасыны кезінде бағыттамалы бұрмалардың жағдайына жауаптылар тәулік бойы кезекшілік етті.

"Қар тазарту жұмыстарына 44 дана қар тазалау және қар аршу техникасы жұмылдырылса, бұл ретте 2,5 мың шақырым жол қардан аршылып, 10 000 текше метр қар шығарылды. Жол дистанциясы қызметкерлері күш-жігерінің арқасында пойыздар қозғалысының кестесі бұзылған жоқ" делінген хабарламада.

Ауа райының күрделі жағдайы мен қардың ұйытқуы жөнінде ескертіліп, пойыздарды қауіпсіз және үздіксіз өткізуді қамтамасыз ету үшін күн сайын нақты шаралар қабылданып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс