Қазақстанда бензин жеткілікті - Қанат Бозымбаев

montsame.mn
Қазірдің өзінде Шымкент мұнай өңдеу зауытының барлық резервуарның лық толу қаупі туындап тұр.

Қазақстанда бензин артығымен бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстанда бензиннің профициті байқалып отыр. Ол қаңтардан бері орын алуда. Қазірдің өзінде Шымкент мұнай өңдеу зауытының барлық резервуарның лық толу қаупі туындап тұр. Сондықтан мұнай өңдеу зауыттарына жүктемені төмендетті. Бүгінде бензин бағасы реттелмейді, литрі шамамен 150 теңге төңірегінде болады", - деді министр.

Бүгін Алматыдағы жанармай құю стансаларында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы түскенін хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды