Ақтау тұрғыны әдейі көлік астына түсті

lada.kz
Видео әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін полиция ер адамды ұстады

Ақтауда құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүк көлігінің астына түспек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputniknews.kz жергілікті Лада басылымына сілтеме жасап.

Оқиғаны жолай өтіп бара жатқандардың бірі телефонының камерасына түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Видеода ер адамның жүк көлігінің астына әдейі түскені көрінеді

Сол күні 25 қаңтарда полиция қызметкерлері жол-көлік апатын қасақана ұйымдастырмақ болған ер адамды ұстап, Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 615-бөлімі 1-тармағы "Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жол жүру ережесі талаптарын орындамауы" бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Былтыр жазда Ақтауда қоғамның наразылығын тудырған тағы бір оқиға болды. Ер адам өтіп бара жатқан көліктердің астына әдейі түсіп, тіпті біреуіне зақым келтірген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы