Флилиппинде мешітте жарылыс орын алды

flickr.com
Оқиға нәтижесінде екі адам қаза тапты.

Филиппиндегі Минданао аралында орналасқан Замбоанга қаласындағы мешіт ғимаратында граната жарылу салдарынан ең кемі екі адам қаза тауып, төрт адам жапа шекті, деп хабарлайды ТАСС.

Rappler порталының мәліметінше, мұсылмандық дін қызметкерлері мешітте отырған сәтте, белгісіз біреу ғимарат ішіне граната лақтырып жіберген. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген. Олардың денсаулықтары жайлы ақпарат түскен жоқ.

Оқиға қатысты басқа мәліметтер белгісіз.

Бұдан алдын, 27-қаңтар күні Филиппиндегі Хало қаласында (Сулу провинциясы) кафедральді жиналыстан соң жарылыс болған еді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 20 адам қаза тауып, 111 адам жапа шеккен. Reuters агенттігінің хабарлауынша, орын алған жарылыстардың барлығын "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тиым салынған) террористік тобы өз мойнына алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз