Қаскелеңде көлік аккумуляторларын ұралаумен айналысқандар ұсталды

Pixabay
Қылмыстық топтың құрамында кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірім де бар.

Алматы облысының полициясы өңірде көліктердің аккумуляторларын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қылмыстық топ былтырғы күзден бері Қарасай ауданының аумағында әрекет етіп, темір тұлпар иелерін шығынға батырып отырған. Жергілікті полиция қызметкерлері жан-жақты іздеу шаралары барысында баукеспе ұрылардың ізіне түсіп, оларды әшкереледі.

"Топ құрамында 3 адам болған. Оның біреуі – кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірім. Ұсталған азаматтар Қаскелең қаласының аумағында орын алған 12 автокөлік ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Барлық деректе көліктердің аккумуляторлары қолды болған және кейбір заттарды сатып алушылардан тәркілеп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді",- деп атап өтті полиция өкілдері.

Тергеу шараларымен айналысу Қарасай аудандық полиция қызметкерлерінің еншісінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз